"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
Кітапхананың ереже жиынтығы

Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі

Кітапхананың  ЕРЕЖЕ  жиынтығы

 

Кітапхана оқу-тәрбие процесін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің маңызды құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ білімді, рухани және интеллектуалдық қатынасты, мәдениетті тарату орта болып табылады. Өз қызметінде кітапхана Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, кітапхана ісі туралы құжаттар мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативті актілерін, кәсіптік колледжінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын және осы ЕРЕЖЕНІ басшылыққа алады.

 

І. Кітапхананың міндеттері

 

Кәсіптік білім беру колледж кітапханасының міндеттері мыналар:

  • білім беру ұйымның профиліне және пайдаланушылардың ақпарат қажеттіктеріне сәйкес әдебиетті дәстүрлі және қазіргі заманғы кездерде жинақтау;
  • оқу процесін қажетті әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • қорды кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратында толығымен көрсету негізінде оны кеңінен пайдалануды қамтамасыз ету;
  • оқырмандардың кітапқа және ақпаратқа деген жан-жақты қажеттіктерін қанағаттандыру, олардың оқуға және өздігінен білім алуға деген қажеттіктерін дамыту;
  • білім алушылардың интеллектуалдық, мәдени және имандылық дамуы мақсатында білім беруді гуманитарияландыруға жәрдемдесу, қорда бар мәдени мұраны насихаттау, өз қызметінде жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдар алу;
  • білім алушылардың ақпарат мәдениетін тәрбиелеу, оларды кітапты, кітапхананы, ақпарат қорларын шебер пайдалану дағдысына үйрету.

 

ІІ. Кітапхананың қызметі

 

Кәсіптік білім беру колледж кітапханасы әр алуан көздердегі оқу, ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды сатып ала отырып білім беру ұйымы мен пайдаланушылардың ақпарат қажеттіктеріне сәйкес қор түзету. Қорды орналастырады, оның сақталу режимін бақылап, қордың сақталуына жауап береді. Келіп түсетін әдебиеттерді жүйелеп өндейді, кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін жиынтық және жеке есебін жүргізеді. Қорды ашып көрсету мақсатында каталогтер мен картотекалар жүйесін жүргізеді.

 

Кітапханада пайдаланушыларға үздіксіз және үтырлы кітапхана қызметін көрсетеді. Колледж ұйымының педагогика құрамына жүйелі ақпараттық-библиография қызметін көрсетуді жүзеге асырады. Негізгі кітапхана қызметтерін кітапхана тегін көрсетеді, қосымша ақылы қызметтер тізімін колледж директоры бекітеді. Колледждің оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен танысады, оқырман талап-тілектерін қанағаттандыру мақсатында оқырман мүдделерін зерттейді. Көрмелердің, конференциялардың, тұсаукесер рәсімдерінің және көпшілік жұмыстың басқа да нысандары көмегімен мазмұны жағынан маңызды баспа туындыларын насихаттаумен шұғылданады. Оқырмандарға іздеу мен ақпаратты оқу процесінде қолдану, кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратында бағдарлай білу дағдысын сіңіру мақсатында олармен кітапхана-библиография білім негіздері бойынша сабақтар өткізеді.

 

Кітапхана өз жұмысында ақпарат есебі мен қажетті құжаттамаларын жүргізеді. Кәсіби кұзіреттігін терендету мақсатында кітапхана қызметкерлері үздіксіз білім беру мен біліктілігін көрсету жүйесіне қатысады.

 

ІІІ. Басқару.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

 

Кітапхана жұмысын кітапханашы ұйымдастырады. Ол колледж директорына тікелей бағынады және педагогика кеңесінің мүшесі болып табылады. Кітапхана жұмысының нәтижелері үшін тікелей жауап береді. Білім беру ұйымы кітапхананы қажетті өрт дабылдамасымен, бекіту құрылғыларымен, кітапханалық және оргтехникалық  құралдармен қамтамасыз етеді. Кітапхананы қаржыландыру шығындары колледж шығындарының  жалпы сметасында көзделеді. Қосымша ақылы қызметтен түскен табысты кітапхана бухгалтерияға өткізеді және өкілетті ұйыммен бекітілген қаржы тендігіне (баланс) сәйкес ішкі мұқтаждарға және көпшілік мәдени-ағарту шараланыра жұмсауға құқылы. Кітапхананың жұмыс режимін еңбек заңдары мен ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес колледж директоры белгілейді.

 

Кітапхана айына бір рет санитариялық өндеуді жүргізеді.

 

Кітапхана өз жұмысында кітапхана жұмыстарына жұмсалатын нормасын ескере отырып жасалған жоспар негізінде құрады. Кітапхана жыл сайын колледж директоры мен облыстық әдістеме орталығына – кітапханада атқарылған жұмысы туралы ақпарат есебін тапсырып отырады. Кітапхана қызметкерің колледж директоры белсенді еңбегі үшін білім мен мәдениет қызметкерлеріне арналған наградалар мен үздік еңбегі үшін белгілеріне ұсыныла алады. Кітапхана қызметкері колледж директорымен бірлесіп қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қор мен мүліктің сақталуы үшін материалдық жауап береді.