"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Түсінік хат

 

            Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 06 ақпандағы № 61 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 10 наурызда № 3092 болып тіркелді

 

   "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 24-6) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.
      2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қағида"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 2-тармағы 24-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы облысының Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі – Психологиялық қызмет)жұмысын реттейді.
    2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағида шеңберінде жүзеге асырылады.
    3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
          4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне және педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.
          5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
          1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
          2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
          3) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын (бұдан әрі - психодиагностикалау), психологиялық тренингтерді, аталған білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен дамыту және түзету жұмыстарын;
          4) білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін;
          5) психодиагностикалық әдістемелердің дерекқоры мен тізбесін;
          6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын; топтық психологиялық портреттерін;
          7) психологиялық тексерудің нәтижелері, қорытындылары мен ұсынымдарын;
          8) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген Психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;
          9) белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды.
          6. Психологиялық қызметтің жұмыс қорытындысы жергілікті білім беру органдары бекіткен білім беру ұйымдарының есептік құжаттамаларында қамтылады.

МАҚСАТЫ: білімгерлердің психологиялық саулығын сақтау, колледжде қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру және білім беру үрдісіне қатысушыларына  психологиялық көмек көрсету.

 

МІНДЕТТЕРІ:

 

- Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;


- Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуы жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;


- Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;


- Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;


- Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;


-Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;


- Білім беру үдерісі қатысушыларының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.


- Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырады.


 - Психодиагностикалық бағыттар:


 -Консультациялық бағыттар:      

 

- Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:


- Түзету-дамытушылық бағыттар:

 

 

Өткізу мерзімі

Жұмыс бағыты

Әдіс пен тәсілі

Жауаптылар

Құжаты

І. Диагностика

Білімгерлермен жұмыс

Қыркүйек         Қазан

Психологиялық бейімделу диагностикасы мен түзету жұмыстары  

( бірінші  курстар)

Бейімделу жайлы сауалнама

Педагог-психолог

Хаттама

Жыл бойы

Топтағы жеке тұлғааралық байланыстарды зерттеу

Т. Лири, Д. Морено әдісі, социометрия (Рогов 16 52бет)

Педагог-психолог

Хаттама

Жыл бойы

Жеке-тұрпаттық қасиеттерді анықтау

- Айзенк әдісінің көмегімен темперамент түрін анықтау                 - Шмишек әдісімен мінезді акценттеу

Педагог-психолог

Хаттама

Қараша

Адам, үй, ағаш

Равенн матрицалары, зерттеу әдістері және ойлау, еске сақтау, зейін ерекшкліктерін бағалау

Педагог-психолог

Хаттама

Желтоқсан    Қаңтар

Қобалжу  деңгейін анықтау

Филипс тесті, “Қобалжу  шкаласы” әдісі

Педагог-психолог

Хаттама

Жыл бойы

Колледж оқытушының жеке сұрауымен және топтық диагностикалық жұмыстар жүргізу

Сауалдамалау, тестілеу.

Педагог-психолог

кураторлар

Аналитикалық анықтама

Сәуір                 Мамыр

Колледжде білім беру үдерісімен қанағаттанушылық дәрежесін анықтау

Сауалдамалау, сұрастыру, анализ

Педагог-психолог

Аналитикалық анықтама

Педагогтармен жұмыс

Қыркүйек         Қазан

Оқытушылардың кәсіптік құзіретінің деңгейін анықтау

Сауалнама алу, тестілеу. Оқу жылына мониторинг   (Рогов 2, 15бет)

Педагог-психолог

Аналитикалық анықтама

Жыл бойы

Педагогикалық ұжым диагностикасы

-Педагогикалық қызметке дайындығы мен бейімділігін бағалау    -Білім беру айналасының психологиялық шарттарының диагностикасы                                           -Мұғалімнің кәсіптік құзіретінің диагностикасы

Педагог-психолог

Аналитикалық анықтама

Сәуір                 Мамыр

Колледжде білім беру үдерісімен қанағаттанушылық дәрежелерін анықтау

Сауалдамалау, тестілеу, анализ

Педагог-психолог

Аналитикалық анықтама

Ата-аналармен жұмыс

Жыл бойы

Ата-аналардың ұстанымдарын анықтау

Тестілеу “Сіз қандай ата-анасыз?”

Педагог-психолог

Хаттама

ІІ. Түзеу-дамыту жұмысы

Білімгерлермен жұмыс

Қыркүйек        Қазан

Бейімделу тренингтік сабақтар

Табысты және табыссыз жағдаят жасау, рөлдік ойындар, проектік сурет «Танысу», «Айтшы, сенің досың кім», «Автопортрет», «Менің жақсы қасиеттерим», «Мен кіммін»

Педагог-психолог

Тренинг бағдарламасы

Жыл бойы

Білімгерлермен жеке-түзету жұмыс    (диагностика қорытындылары және оқытушылардың сұрауы бойынша)

Түзеу сабақтарының бағдарламасын құрастыру және іске асыру; ынталандыруға бағытталған  мәлімет дайындау

Педагог-психолог кураторлар

Журналдағы жазба

Желтоқсан-Қаңтар              Мамыр-Маусым

Сессия өткізу кезінде түзеу көмегі

«Үрей шкаласы»,

«Сандарды еске сақтау», «Естіп есте сақтау», «Комбинаторлық қабілеттері», «Ұқсастық», «Жолыңды тап», «Сандық шаршы»

Педагог-психолог

Хаттама

Жыл бойы

Білім алуда қиыншылықтары бар студенттермен топтық және жеке жұмыс

Мини-тренинг, сұхбат

Педагог-психолог

Тренинг бағдарламасы

Жыл бойы

“Девианттық тобына” кіретін білімгерлермен топтық жіне жеке жұмыс

Мини-тренинг “Менің таңдауым” “Өзіңе-өзін көмектес”

Педагог-психолог

Тренинг бағдарламасы

Педагогтармен жұмыс

Қазан

Жаңа кызметкерлердің бейімделуі

Тренингтер: «Стресс» , «Сіз қандайсыз ?»т.б.

Педагог-психолог

Тренинг бағдарламасы

Қараша

Педагогикалық қызметтің кедергілерін анықтау

Тренингтер, негізгі психикалық қызметтерін(ойлау, ес, көңіл)    дамытуға арналған оқыту семинарлары

(Рогов2, 90-100бет)

Педагог-психолог

Тренинг бағдарламасы

Жыл бойы

Жеке ерекшеліктердің диагностикасы, тұлғаның мықты және әлссіз жақтары

тұлға дамуының тренингі

Педагог-психолог

Тренинг бағдарламасы

Ақпан

Қызметтің  жеке стилін  қалыптастыруға көмек

Тестілеу «Педагог стилі», «Оқытушы кодексі» семинар «Педагогтің психологиялық құзыреттілігі»

Педагог-психолог

Хаттама

Наурыз

“ табысты болуға   ынталандыру” семинар-тренингі

“Мен – сәтті тұлғамын” психологиялық тренинг

Педагог-психолог

Тренинг бағдарламасы

ІІІ.Консультациялық   жұмыс

Білімгерлермен жұмыс

Жыл бойы

Келесі мәселелермен жеке кеңес:          -  білімгерлердің жеке тұлғалық, жыныстық, жасөспірімдік ерекшеліктері;                                            - жасөспірімдерді тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша;                           -құрдастармен және үлкендермен қарым-қатынас

Сұхбат, кеңес беру

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Жыл бойы

Диагностикалық зерттеу бойынша жеке және топтық кеңес

Сұхбат, кеңес беру; педагогтардың психологиялық құзыреттілік дәрежесін көтеру.

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Жыл бойы

Оқытушылардың сұрауымен білімгерлемен жеке және топтық кеңес өткізу

Сауалдамалау, тестілеу

Педагог-психолог

Хаттама

Оқу кестесімен

КДДБ  алдында психологиялық дайындық

Бітіруші топтарға кеңес

Педагог-психолог

 

Ұсыныстар

Педагогтармен жұмыс

Қазан              Қараша

Бейімделу қорытындыларына байланысты кураторларға жеке және топтық кеңес

Кеңес беру

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Наурыз

Жеке  тұлғалық және кәсіптік деңгейге байланысты оқытушаларға кеңес

Ұсыныстар, кеңес; оқытушылардың психологиялық құзыреттілік деңгейін арттыру

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Жыл бойы

Білімгерлерді оқыту, тәрбиелеу, дамыту жөнінде оқытушыларға кеңес

Сұхбат, кеңес беру

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Қараша

Оқытушаларға кеңес “Дарынды білімгерлердің психологиялық ерекшеліктері”

кеңес беру, сараптау

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Жыл бойы

Оқытушаларға кеңес “Жасөспірімдер тұлғасын зерттеу”

Кеңес беру,сараптау

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Ата-аналармен жұмыс

Жыл бойы

Ата-аналар жиналысының өтуіне қатысу

«Жасөспірім кезеңінің қиындықтары»

«Өз бетімен қалай жұмыс жасауға болады»

«Қобалжу деңгейін төмендету»

« Біздің жанұядағы қарым-қатынысымыз »

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Жыл бойы

Жасөспірімдер жайлы ата-аналармен жеке кеңес

Сұхбат, кеңес беру

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

ІV. Ағартушылық-профилактикалық жұмыс

Білімгерлермен жұмыс

Жыл бойы

Жеке тұлғалық және зерделік дамуында  қиыншылықтарды алдын алу

Тренинг «Жетістікке жету», ойындар

Р.Кеттел сауалнамасы

Педагог-психолог

Хаттама

Қазан             Қараша

Қарым –қатынас жасауда  қиындықтарды алдын алу

Тест «Қарым-қатынаста өзіңізді бақылау », тренинг

Педагог-психолог

Хаттама

Жыл бойы

Өз-өзіне қол жұмсауды алдын алу жұмысы бойынша  тренинг өткізу

«Мен стресті жеңе  алам»

 

-Тренинг «Қорқыныш түсінігін анықтау»

-Тренинг «Сенімнің соқпағында»

-Тренинг «Өмір қандай керемет»

Педагог-психолог кураторлар

Тренинг бағдарламасы Тәлімгер сағаттарының жоспары

Жыл бойы

Психологиялық сабақ

«Өзіңнің және басқа адамдардың сезімдерін қалай түсінуге болады»

«Стрестік жағдайларда өзіңді қалай ұстауға болады»

Педагог-психолог:

Тренинг жоспары

Оқу кестесімен

Эмоционалды күйдің күрт өзгерісінің  психопрофилактикасы

Семинар-тренинг «Өмірдің құндылықтары» бітіруші топтарға

Педагог-психолог:

Тренинг жоспары

Наурыз           Сәуір

Ұжымды біріктіру

Тренинг сабақтар

«Біз -бір жанұямыз », «Адамдармен жақсы қарым- қатынаста болу қабілеті»

Педагог-психолог:

Тренинг жоспары

Педагогтармен  жұмыс

Қыркүйек        Қазан

Өз-өзіне қол жұмсау тақырыбына  топ кураторлармен жұмыс

Семинар-тренинг «Өз-өзіне қол жұмсау.Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау себебі»

Педагог-психолог

Тренинг жоспары

Желтоқсан

Педагогикалық қызметте кедергі -қиынықтарды анықтау

«Менің бағытым»

Өзіндік бағалауды зерттеу

Педагог-психолог:

Аналитикалық анықтама

Қаңтар            Ақпан

Оқытушылардың біліктілік деңдейін жоғарлату, кәсіп тұрғыдан күйіп кету синдрмының профилактикасы

Әдістеме «Күйіп кету синдромы»

Педагогтың психологиялық денсаулығын нығайту,сақтау

Педагог-психолог Әдіскер

Хаттама, Тренинг бағдарламасы

Жыл бойы

Топ кураторларын психологиялық диагностика (жеке, топтық) және түзеу-дамыту шара қорытындыларымен таныстыру

Сұхбат

Педагог-психолог

Журналдағы жазба

Ата-аналармен жұмыс

Жыл бойы

Өз-өзіне қол жұмсау тақырыбы бойынша  ата-аналармен жұмысы

Семинар-тренинг  «Маған  көмек қажет!»

«Өз-өзіне қол жұмсау қаупі»

Педагог-психолог

Тренинг жоспары Хаттама

                 

 

 

«Жетім балалар мен ата-аналардың қарауынсыз қалған студенттердің әлеуметтік бейімделушілігі» бойынша іс-шаралар жоспары

 

Мақсаты мен міндеттері:

 

- Жасөспірімдердің тұлғалық құрылымдарында, жаңа өмір жағдайларына

әлеуметтік бейімделушілікке бөгет болатын проблемаларды анықтау және талдау.

- Жасөспірімдерді  адамдардың өміріне, басқа адамдармен қарым-қатынастарға

 психикалық жағдайлар мен ерекшеліктердің әсері туралы және қиын өмірлік жағдайларында

психологиялық кеңестер беру мүмкіндіктерімен таныстыру.

- Жеке жанжалдарды шешуде және жанжалдық жағдайларда психологиялық көмек көрсету,

зиянды ішкі тәртіптерді жеңе білу, толық әлеметтенілу, өздік іске асыру және тұлғалық өсу

 мақсатында ішкі резервтерді іздеу және белсендендіру, білім мен мамандықты алуға көмек көрсету.

 

 

Іс-әрекет және жұмыс түрлері

Мерзімі

Жауаптылар

1

Жетім балалардың құжаттарын анықтап, мәлметтерін толықтыру

Қыркүйек

Дир. тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог,

топ жетекшілер

2

Студенттердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру жүргізу

 

Жылына

3 рет

топ  жетекшілер,психолог

3

Студенттер мен оқытушылар арасында жағымды  қарым-қатынас орнату, тәрбие жұмыстарын   жүргізу, жеке психологиялық кеңестер беру.

Жыл бойы,

өтініштер бойынша

Психолог

 

4

Жас мамандардың ой өрістерін, өмірге деген көз қарастарын, колледж ұжымына бейімделуін қалыптастыру. (Тренинг өткізу, нұсқаулар, тест сұрақтары, слайд көрсету)

Қаңтар

Психолог, әдіскер

 

5

Әлеуметтік әлжуаз топтардағы студенттердің диагностикасы:

-Жасөспірімдерге арналған  колледждегі қоғамдық жұмыстарға тарту үшін коммуникативтік қабілеттерін анықтау

Жыл бойы, сауалнама нәтижелері бойынша

топ  жетекшілер, психолог, бөлім меңгерушілері

6

Түзету жұмыстары: -АРТ терапия

- Әңгімелесу

- Бақылау

Эмоционалды күйзелісті, қобалжуды және агрессияны төмендетуге арналған жаттығулармен ойындар топтамасы

Жыл бойы

Психолог

 

7

Жатақханада тұратын студенттермен жұмыс жасау: дөңгелек стол ұйымдастыру, тренингтер өткізу, слайд, сауалнама жүргізу.

Жыл бойы

Психолог, жатақхана тәрбиешісі