- Тегі, аты, әкесінің аты: Алтаев Болат Бекбосынович
- Туылған күні 13.02.1963 жыл
- Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі, колледж директоры
- Жынысы: ер
- Туған жылы және туған жері: 02.1963ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылы
- Ұлты: қазақ
- Білімі: 1) Жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылық институты, ауыл шаруашылығын механикаландыру, 1985 жыл
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
- Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні:
- «Қазақстан Республикасы Білім беру үздігі» төс белгісі, 1995 жыл
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2015 жыл
- Благодарность Президента РК, 2004ж
- Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2012 жыл
- «Бейбітшілік әлемі» төс белгі
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алғыс хат, 2005 жыл
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесінің орталығы Алғыс хат, 2018ж
- «Нұр Отан» Алғыс хат
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісінің иегері, 2018 жыл
- Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы,Қаскелең қаласы
- Жалпы жұмыс өтілі: 33 жыл
- Саладаға жұмыс өтілі: 33 жыл
- Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 2 жыл
Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі: Алтаев Болат Бекбосынович өз еңбек жолын Көкшетау облысындағы ПТУ №16 оқу ордасында арнайы кәсіби пәндер оқытушысы қызметінен бастаған.
1989-1994 жылдары ПТУ-6-да арнайы пәндер оқытушысы болды. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Алматы облысы.
1994-2001 жылдары аралығында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында Жамбыл атындағы ПТУ №6 оқу ордасында арнайы кәсіби пәндердің оқытушысы, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
2001-2008 жылдары аралығында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында С.Жандосов атындағы ПЛ №11 кәсіптік техникалық лицей директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
2014ж Алматы облысы Алматы облысының Білім Басқармасының орынбасары.
2014-2017 жылдары аралығында С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік техникалық колледжінің директоры.
2017 жылдан бастап Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.
Сертификаттары 2006-2009 жж. Бельгия, Германия, Италия, Португалия, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінде білім берудің «Кедейлікті төмендету дағдыларын дамыту» атты Еуропалық білім беру қорының жобасына қатысты. 2011 ж. 7-ші Бүкілресейлік білім беру мекемелерінің басшылары форумының қатысушысы. 2012 жылы Мәскеу. Ганновер қаласында (Германия) «Қос оқыту» жаңа технологиялар енгізу бойынша халықаралық семинардың қатысушысы. 2012 ж. «Серіктестер диалогы» Халықаралық форумының қатысушысы, Мәскеу қаласы, Астана және басқалар.
Болат Бекбосынұлы ҚР Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқу саласында сапалық қызмет көрсету аясын кеңейтудің міндеттеріне сәйкес, озық технологияларды игеруге мүмкіндігі бар келешек маман иелерін дайындауда өз үлес жігерін аямай шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл, кәсіби шеберлігі өте жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мол басшы.
Болат Бекбосынұлының мақсаты заманауи бәсекеге қабілетті, кәсіптік қызмет саласында білімдері жетік мамандарды даярлау, оқу ордасын әлемдік стандартқа сәйкестендіріліп дамыту.
Болат Бекбосынұлы басшылығымен оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында колледжге сапа менеджменті жүйесін енгізіп, 2009 жылы басқару жүйесі сертификаттаудан өтті және табысты қолданылып келді.Бірнеше рет Алматы облысы Білім басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген колледжаралық байқаулар жеңімпазы: 2006 жылы С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік лицейі – Ι орын, 2007 жылы Республикалық байқауда лицей «Үздік білім ұясы» жүлделі ΙΙ орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, бүгінгі талапқа сай кәсіби білім берудің оқу бағдарламасын құруға орасан зор үлес қоса отырып, алғашқы кәсіби білім беру жүйесінде 1.4423001 –«Баларашы», 1.4414001 – «Жеміс жидек және көкөністерді қайта өңдеу және сақтау» мамандықтар бойынша мемлекеттік стандарттар авторы.
С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік техникалық колледжіне 2012 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясындағы оқу үрдісін ұйымдастырумен танысуды жоспарлап арнайы келген кезекті іссапарында толағай жетістіктері бар, облыс деңгейінде бірнеше мәрте сапалы білім ордасы екенін дәлелдеген, заманауи талаптарға сай беделді оқу ордасына оң бағасын берді. Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінде Болат Бекбосынұлы басшылығымен оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында колледжге сапа менеджменті жүйесін енгізіп, 2017 жылы басқару жүйесі сертификаттаудан өтті және табысты қолданылып келеді.
Колледж директоры Болат Бекбосынұлы қазіргі заман талабына сәйкес білімді де білікті мамандар дайындау мақсатында аянбай еңбек етуде.
Болат Бекбосынұлы білікті басшы, құрметті ұстаз, тәжірибелі тәлімгер.