"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
Колледж туралы

 

Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық саласында техникалық және кәсіптік білім беретін жетекші оқу орны болып табылады. 82 жыл бойы жоғары білікті мамандарды даярлау мен қайта даярлауда халыққа білімдік қызметін көрсетіп келеді.

 

Колледждегі білім беру үрдісі Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

 

«Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру жағдайында колледж білім беруді жетілдіруді, инновациялық технологияларды енгізуді, ғылым мен тәжірибе интеграциясын, білім берудің бәсекелестігін, оқу үдерісін жетілдіруді маңызды міндет деп есептейді. Дайындық 8 мамандық бойынша жүргізіледі.

 

Жыл сайын оқу орнының материалдық базасы жергілікті бюджет есебінен толықтырылады. Колледжде 26 оқу кабинеті, 6 зертхана, 6 оқу-өндірістік шеберханасы бар. Педагогтар мен студенттер аудандық, облыстық конкурстардың жеңімпаздары.

   

Колледж ғимараты 1976 жылы салынған. Ғимараттың жалпы көлемі  10385,8 шаршы метр, өндірістік қуаттылығы 650 орын. Теориялық және зертханалық-практикалық оқу 2 оқу ғимараттарында жүргізіледі, сонымен қатар студенттерге арналған 250 орындық жатақхана, 120 орындық асхана, 50 орындық кітапхана қызмет атқарады.Бүгінгі таңда колледж ҚР ТжКБ жетекші оқу орны болып табылады. Мұнда еңбек нарығын және аймақтың даму перспективаларын ескере отырып, ауылшаруашылық саласының жоғары білікті мамандарын даярлау жүргізіледі.

     

Колледждің бұқаралық, спорттық өмірі қызықты өтуде. Колледж студенттері қалалық пәндік олимпиада, колледжаралық спартакиада, шығармашылық өнерпаздық конкурстарында, КТК ойындарында жеңімпаз болып табылды.Колледже «Жас сарбаз» клубы, спорт секциялары, «Амиго» КТК командасы белсенді жұмыс істеуде.

   

Колледж ұжымында салауатты өмір салтын енгізуде, студенттер мен қызметкерлер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жақсартуға үлкен көңіл бөлінеді. Ол үшін барлық жағдай жасалған: спорт және жаттығу залдары, футбол алаңы, жүгіру жолдары, теннис залы бар. Колледждің құрама командалары облыстық, аудандық жарыстардың жеңімпаздары болып табылады.