1.1 Негізгі анықтамалар мен түсініктер
Студент – колледж оқу орнының білім алушысы.
Намыс – жеке азаматтың адалдық, турашылдық, әділдік, шыншылдық сияқты жеке қасиеттерін бағалаумен байланысты кешендің моралдық-этикалық және әлеуметтік түсінік.
Интеллектуал – интелекті жоғары дамыған тұлға.
Миссия – жауапты тапсырма, рөл, жүктеме.
1.2 Негізгі ережелер
Білім алу үшін өзіміз таңдаған жоғары оқу орынының, атап айтқанда «Болашақ» медицәина колледжің құрметтей отырып, оқу орнының Жарғысының негізгі ережелерін бұлжытпай орындауға міндеттенеміз. Колледж оқу орны студенттерінің отанымыз Қазақстан Республикасының интеллектуалды потенциалы екендігін және ата-бабаларымыздың жасап кеткен істерін ары қарай жалғастыруымыздың, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан көрсетілген және белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруымыздың керек екендігін түсіне отырып, біз өзімізге келесі міндеттемелерді қабылдаймыз:
- оқуға - біздің негізгі міндетімізге - жауапкершілікпен қарау;
- сапалы білім алуға ұмтылу, өзіміз таңдаған мамандық бойынша қажетті білімдер мен дағдыларды, қасиеттерді меңгеру;
- ата-бабамыздың рухани және мәдени мұраларын меңгеру, себебі, өткенді білмей болашаққа бару мүмкін емес;
- өз отанымыз Қазақстан Республикасын сүюді үйрену, оның саналы азаматы болуға ұмтылу және отанымыздың бізге деген нық сенімін тудыру;
- өз денсаулығымызды сақтау мен оны нығайту, себебі, біздің әрқайсымыздың физикалық және рухани жағдайымыздың келешек ұрпақтың денсаулығына, Отанымыздың қуаты мен байлығына, өсіп өркендеуіне, аға ұрпақтың дұрыс қаматамасыз етілуіне әсер ететіндігін дұрыс түсінеміз.
Жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, біз осы Кодекс аясында студенттерге жүктелген міндеттемелер мен құқықтарымен толық келісеміз:
- Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес білім алу;
- Келісім-шарттар бойынша қосымша білім беру қызметтерін алу;
- 3.Өзінің адамгершілік қасиеттерін сақтауға, ар намыс еркіндігіне, өзінің жеке пікірлері мен түсініктерін еркін баяндауға;
- Колледждің барлық мәселелері бойынша талқылауға, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар мен колледждің басқару органдары арқылы, қатысуға;
- Колледждің кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының, электрондық ресурстар орталықтарының қызметтерін, емдеу мекемелерінің қызметтерін және басқа да қызметтерді тегін пайдалануға;
- Барлық түрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен семинарларға, мәжілістер мен конкурстарға қатысу мүмкіндігін пайдалануға;
- Оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;
- Студенттік өзін -өзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарды құруға;
- Колледж қабырғасында, тәрбие жұмыстары мен студенттердің демалысын ұйымдастыру шеңберіндегі шараларға еркін қатысуға;
- Оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде қарастырылған барлық міндетті тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және тапсыруға;
- Өздерінің мәдени және рухани деңгейлерін көтеруге, өздері оқитын колледждің мәртебесін арттыруға;
- Жеке азаматтардың ар-намыстарын құрметтеуге, ЖОО оқытушылары мен студенттердің жеке пікірлерімен санасуға;
- Колледждің мүлкін қорғауға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жатахқаналарда тұру ережелерін сақтауға;
- Студенттердің өз қылықтары мен қимылдарына өздерінің жауап бере алатындықтарын ескере отырып, өздерінің қимыл әрекеттерінен бөтендерге зәбір көрсету, оларға күш көрсету, өзгені құрметтемеу, сыйламау, басқалардың мүлкі мен заттарын ұрлау сияқты іс-әрекеттерді (соның ішінде дөрекі сөйлеу мен қимылдау, айқайлау, түкіру және т.с.с.) болдырмау;
- Студенттердің академиялық ар намысы мен абыройын сақтау, төмендегілерге жол бермеу:
- академиялық жұмыстарды орындау мен аралық немесе қорытынды бақылау барысында өзіне көмектесу мен басқа біреуге көмектесу мақсатында мәліметтер алуды, көшіру, заңсыз материалдарды пайдалану сияқты заңсыз әрекеттеріне бармау;
- бөгде біреулердің идеялары мен ойларын ұрлау немесе оларды өзінің жұмыстарының нәтижелері ретінде көрсету немесе пайдалану;
- тәртіп бұзудың басқа да заңсыз әрекеттеріне бармау: құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасау, жалған сөйлеу, көшіру, мәліметтерді (соның ішінде компьютерлік) рұқсатсыз, өзгерту немесе пайдалану;
- өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, өздеріне берілген құқықтар шеңберінде студенттер марапатталуы мүмкін. Ол үшін колледжде марапаттаудың әртүрлі формалары мен түрлері болуы мүмкін;
- өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін студенттерге әртүрлі шаралар да қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, колледж Жарғысын орындамағаны үшін оқудан шығару
1.3 Студенттердің міндеттері мен құқықтары
Студенттің міндеті:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының толық көлемінде кәсіптік білім алуға, біліктілік пен практикалық дағдыларды игеруге, оқу жоспары мен сабақ кестесіне сай жүйелі түрде сабаққа қатысуға;
- Дәлелді себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда, колледжге өзі немесе туысқандары арқылы хабардар етуге;
- Науқастануға байланысты сабақтарға қатыспаған жағдайда колледжге дәлелді себептерді растайтын анықтама құжаттарын тапсыруға;
- Көрсетілген уақытта және мөлшерде (инфляцияға байланысты өзгерістер енуі мүмкін) шартқа және 1 қосымшаға сәйкес оқу ақысын төлеуге. Қажет болса білім беруге жұмсалған қосымша шығындарды қоса төлеуге;
- Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес ішкі оқу тәртібі мен міндет талаптарын сақтай отырып («Білім туралы» Заңының 47-бап, 14 тармағы, 2007 жылғы 27 шілде №319-III-ҚРЗ ) оқу ісін реттеу тәртіптері мен тазалықты сақтауға. Техникалық. өртті сөндіру қауіпсіздігіне қатысты Қазақстан Республикасының Заңнамасында тікелей немесе жанама түрде көрсетілген талаптарды орындауға;
- Колледждің іскерлігін және беделін құрметтеуге, колледж туралы жағымсыз ақпарат таратпауға;
- Кітапханадан алған әдебиеттерді уақытылы қайтаруға, егер уақытында қайтармаса, колледждің ішкі тәртіптік құжаттарына сәйкес өсім ақы төлеуге;
- Бір оқудан басқа оқуға ауысқысы немесе қайтадан оқуға қабылданғысы келсе, оқуға қабылданғандығы туралы бұйрық шыққан күннен жеті күн ішінде пән айырмашылықтарын өтеуге байланысты шығынды төлеуге;
- Колледждің қоғамдық өміріне, ғылыми жұмыстарға белсене қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында колледждің ішкі құжаттарына көрсетілген талаптарды орындауға;
- 10.Колледждің мүліктерін ұқыпты сақтауға, оны тиімді пайдалануға, оқуға қолайлы жағдай жасауға белсенділік танытуға;
- Колледж мүлігіне толық немесе ішінара залал келтірсе мүліктің толық құнын төлеуге;
- Колледждің оқытушылары мен қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
- Әскери есепке тұру ережелерін сақтауға;
- Отбасылық жағдайы, тұрған жері, телефоны өзгерсе, үш күн мерзім ішінде өзгерістер туралы хабардар етуге;
- Колледждің өкімдері мен бұйрықтарын, Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, осы шарттың талаптарын орындауға.
Студенттің құқықтары:
- Оқудың бір түрінен екіншісіне, бір оқу орнынан басқа оқу орнына ауысуға, сонымен қатар білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша ақылы оқу түрінен мемлекеттік білім беру тапсырысы жолымен оқуға ауысуға;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен басқада тиісті мемлекеттік ұйымдар белгілеген тәртіп бойынша денсаулығына байланысты академиялық демалыс алуға;
- Қазақстан Республикасының Заңнамаларында қаралса, әскер қатарына шақырылуын кейінге қалдыруға;
- Оқу ақысын бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде толық төлесе онда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады;
- Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеуге. Онда төлем сомасы жалақының ұлғаю жағдайында және инфляция индексіне сай жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін;
- Қосымша ақы төлеу арқылы мемлекеттік стандарттық білім беру қызметінен басқа қосымша білім алуына;
- Колледждің шешімімен жеке оқу жоспарымен немесе жеделдетілген бағдарламамен шартқа қосымша тіркемемен белгіленіп қосымша білім алуға;
- Кітапхана қорындағы және оқу залындағы ғылыми, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттерді, техникалық құралдарды еркін пайдалануға;
- Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен академиялық демалыстан кейін колледжге кайта қабылдануға;
- Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымына қатысуға.
1.4 Студенттердің тәртіп ережелері
Студенттердің тәртіп ережелері колледждің ішкі тәртіп ережелері аясында жасалынған.
Колледжде, сабаққа кешігу және келмеу Ережені дөрекі бұзу болып табылады. Белгілі себептермен сабаққа келмеу, қоғамдық іс-шараларға қатыспау құжатты түрде расталуы керек.
Студенттер сабаққа қоңырау соғылғанға 1,5-2 минут қалғанға дейін оқу дәрісханасынан орын алып, оқу сабағына дайын болу керек. Әрбір студент берілген 90 минут оқу сабағын тиімді пайдалануы тиіс.
Топ старостасы әр күнге кезекшілер тағайындайды. Студенттерден кейін дәрісхана келесі сабаққа таза күйінде қалу керек.
Студенттер оқытушы дәрісханаға кіргенде, орындарынан тұрып амандасады, оның рұқсатымен ғана өз орындарына отырады. Студенттер колледждің ішкі тәртіп ережесін сақтауға, темекі тартпауға, қатты сөйлемеуге, ішімдік ішпеуге, оқытушыларға, курстастарына жылы сөйлеуге, ұялы телефондарын қолданбауға қоюға міндетті.
Студент асхана мен буфеттерде арнайы бекітілген тәртіп бойынша қызмет көрсетуші құрамдармен сыпайы болуға, жеке гигиенаны сақтауға және оның нормаларымен жүруге, тамақтану мәдениетінің талаптарын ұстануға міндетті.
Колледждің ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттерді оқудан шығаруға директордың орынбасарлары директорға ұсыныс жасайды.