"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
Кітапхана

КІТАПХАНА

 

 

Кітап – ойдың талмас қанаты

Абай

 

МКҚК «Жамбыл атындағы  Ұзынағаш кәсіптік колледжі». Кітапхана. Қазіргі кезде колледж кітапханасы білім беру ұйымның білім беру, ақпарат, мәдени-демалыс орталығы болып отыр.

 

1935 жылы 15 қазанда «Қастек» асыл тұқымды қой совхозының базасында республика шаруашылықтарына тракторшылар даярлау курсы ретінде «Қастек ауыл-шаруашылық механизаторларының училищесі» атымен оқу орны ашылды, содан бері кітапхана мен колледж тарихы тығыз байланысты. Колледж ұжымының ішінде кітапханашылар туралы да айтуға болады, олар өз мамандығын жетік менгерген адамдар: Бранберг Р.Е., Растышина А.С., Смарагдова В.Е., Добровольская Б.М.,Халявина Л.И.,  Веснер Л.В., Бахтиярова Л.В., Обгольц Е.И., Ауельбекова Ш., Белгожаева А.Е., Андрес К.Н., Гетте М.И.,Рау М.И., Сабирова З.С және т.б.

 

Білім беру бағдарламаларын ақпараттық сүйемелдеу білім беру мекемесінің маңызды құрамдас ретінде колледж кітапханасы үшін басымдық болып табылады. Қазіргі таңда колледж кітапханасы колледждің оқу-тәрбие процесін кітапхана-ақпарат қызметін көрсетудің дәстүрлі және инновациялық әдістерін ықпалдастыру арқылы қамтамасыз етеді және өз жұмысында нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады.

 

Жоғары білікті мамандарды даярлау барысында ғылым мен білім берудегі инновациялар сапалы ақпараттар мен қамтамасыз етуді талап етеді. Автоматтандыру, ақпараттық технологияларды енгізу, телекоммуникацияларды жетілдіру, Интернет-ресурстарға қол жеткізу, кітапхана жұмысында түбегейлі өзгерістерге алып келді.

 

Кітапхананың мақсаттары мен міндеттері, стратегиясы - колледждің материалдық, қаржылық мүмкіндіктерін, кадр және кітапхананың зияткерлік ресурстарын талдау негізінде құрылған және колледждің материалдық-техникалық қамтамасыз етуіне байланысты, іске асыру мүмкіндігі бағаланады.

 

Кітапхана колледж ғимаратының 3-ші қабатында орналасқан, ғимараттың солжақ қанатында. Кабинет №307. Кітапхананың жалпы алаңы 85.2 ш.м.

 

 

 

Абонемент пен оқу залы бірге орналасқан, кітап қоймасына бөлек орын қарастырылған. Оқу залы 28 орынға есептелген. Кітапхана талапқа сай толық жаңартылған.

 

Кітапхана жұмысында келесі құжаттар жүргізіледі: нормативтік құжаттар және есептік құжаттары.

 

 Нормативтік құжаттар:

  1. Кітапхана туралы ЕРЕЖЕ
  2. Кітапхананы пайдалану ережесі
  3. «Кітапханашы» қызметтік нұсқаулықтары
  4. Кітапхана жұмысының даму жоспары
  5. Жылдық жұмыс жоспары
  6. Кітапханада кітап қорын сақтау туралы бұйрықтар, әдістемелік ұсынымдары мен нұсқаулықтар.

 

 

Есептік құжаттар:

  1. Жиынтық есеп кітабы
  2. Мүлік кітабы
  3. Мүлік кітабына жазылуға жатпайын басылымдардың есебі дәптері ( кітапшылар қоры – көлемі 48 парақ дейінгі басылымдар)   
  4. Оқырмандардан жоғалтқан орнына алынған кітаптардың басқа да құжаттардың есеп дәптері
  5. Кітапхана қорының қозғалысы актілерінің папкісі
  6. Кітапхана қорын түгендеу және тексеру жүргізу туралы актілер
  7. Жұмыс күнделігі
  8. Библиографиялық анықтамалардың есеп кітабы
  9. Кітапхананың статистикалық есебі
  10. Хаттамаларды тіркеу журналы 
  11. Толымдаудың тақырыптық-типологиялық жоспары
  12. Кітапхана құжаты
  13. Кітапхананың жылдық есебі
  14. Орындалмаған сұраныстардың есеп дәптері

    

Барлық ішкі құжаттар номенклатура бойынша сапа менеджментінің талабына  сәйкес дайындалып сақталады.

     

Колледж кітапханасының қоры - оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер, тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналған әдебиеттер қорынан тұрады.

 

Оқу әдебиеті қоры деп оқулық пен оқу құралы санаты бар басылымдар тізімі кіреді.

 

Ғылыми қорға бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер кіреді