"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
Қамқоршылық кеңесі туралы ереже

Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қамқоршылық Кеңесі туралы

ережесі

 

Қамқоршылық кеңесі – білім беру мекемесін басқарудың қоғамдық әдісі. Бұл мемлекеттік емес, үкіметтік емес, қоғамдық, бейкоммерциялық, білім берудің және нақты білім беру мекемесінің дамуына мүдделілерді өз еркі негізінде біріктіретін ұйым.

 

  1. Жалпы ережелер 

 

1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ата-заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелеріне және Қазақстан Республикасының басқа ережелі-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.  
1.2. Қамқоршылық кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің м.а. бекітілген 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығын, сонымен қатар Колледж жарғысын негізге алады.
1.3. Қамқоршылық кеңесі әлеуметтік серіктестікті кеңейту және кәсіптік білім беру жүйесінде басқарудың қоғамдық-азаматтық әдістерін дамыту, колледжге студенттерді оқыту мен тәрбиелеуге көмектесу мақсатында Колледж әкімшілігінің бастамасымен және Педагогикалық кеңес шешімі негізінде құрылады.
1.4. Қамқоршылық кеңесі заңдық тұлға болып саналмайды. Қамқоршылық кеңес құрылымының тәртібі, өкілеттілігі, мақсаттары, құқықтары Колледждің қамқоршылық кеңес пен Педагогикалық кеңес шешімімен бекітілетін осы Ережемен анықталады.
1.5. Қамқоршылық кеңесшешімдері ұсынылатын және сабағаттық сипатта болып келеді.

 

 

  1. Қамқоршылық кеңесінің негізгі міндеттері

 

 2.1. Колледждің даму стратегиясын, сонымен қатар олардың іске асырылуына, дамуына бағытталған ұсыныстар, бағдарламалар, жобалар әзірлеу;  2.2. Колледждің оқу, ғылыми және әлеуметтік-тұрмыстық нысандары құрылысына, жабдықтар, құралдар, ұйымдастыру техникасы құралдарын сатып алуға көмектеседі.
2.2. Студенттердің тәжірибеден өтулері мен Колледж бітірушілерін жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға көмектеседі.

 

 

  1. Қамқоршылық кеңесітің негізгі ұстанымдары

 

- мүшеліктің еріктілігі;

- Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құқықтарының теңдігі;

- басшылықтың алқаластығы;

- қабылданған шешімдердің жариялылығы;

- ашықтығы.

Колледж студенттеріне жан-жақты, сонымен қатар қайырылымдылық көмек көрсетуге:

-       Колледждің білім беру дамуын қамтамасыз ететін ғылыми, өндірістік, құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық және басқа жобалар мен бағдарламаларға қатысу;

-       Материалды-техникалық базаның нығаюына, колледж шекарасын және ғимаратын аббаттандыруға, шеберханалар мен оқу бөлмелерін жабдықтауға, оқу құралдарын, оқу әдебиеттерін, оқытудың техникалық құралдарын, сонымен қатар есептеу техникасын алуға көмектесу;

-       Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру;

-       Колледж бітірушілерін жұмыспен қамту ісіне көмектесу;

-       Медициналық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру шешіміне қатысу;

-       Түрлі деңгейдегі білікті мамандармен кездесулер ұйымдастыру (заңгерлермен, медициналық қызметкерлермен және т.б.);

-       «Көпбейінді колледж» МКҚК мен басқа білім беру және мәдени мекемелермен ынтымақтастығын дамытуға қатысу;

-       Байқаулар, жарыстар және тағы басқа сыныптан тыс көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу;

-       Студенттердің өмірі мен денсаулығын, дүние-мүлікті қорғауды қамтамасыз ету;

-       Қоғамдық тәртіпті сақтау;

-       Студеттік топтардың ата-аналар кеңесімен жұмыс жүргізу;

 

  1. Кеңестің басқару мүшелері мен құрылымы

 

5.1. Қамқоршылық кеңес құрамы 3 жыл мерзімге сайланады.
5.2.  Камқоршылық кеңес басшысы Колледж директоры болып келеді.
5.3. Төраға Қамқоршылық кеңесінің атынан арнайы өкілеттіліксіз әрекет ете алады, оны білім беру мекемелеріне, мемлекеттік органдарға және тағы басқа жақтарға ұсына алады. Төраға Қамқоршылық кеңесінің жұмысын Қазақстан Респуликасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес, ұйымдастырып, оның қызметін жүзеге асырады.Төрағаның орынбасары Қамқоршылық кеңесімен сайланады. Хатшы Қамқоршылық кеңесімен сайланып, Қамқоршылық кеңесінің іс-қағаздарының жүргізілуіне жауап береді.
5.4. Қамқоршылық кеңесінің өзінің құзыреттілігіне байланысты сұрақтары бойынша шешімі отырыста қатысқан кеңес мүшелерінің ашық сайлау түрінде өткізіліп, дауыстың көпшілігімен шешіледі. Егер «қолдаушылар» мен «қарсылар» дауыстары тең келсе, шешуші дауыс Төрағаның дауысы болып есептеледі.

 

  1. Қамқоршылық кеңес жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі.

 

6.1. Қамқоршылық кеңес отырысты жұмыс жоспарына сәйкес жылына екі реттен кем емес өткізеді. Кезектен тыс отырыстар Кеңес төрағасы немесе мүшелерінің және колледж әкімшілігінің талабы бойынша, қажеттілікке байланысты өткізілуі мүмкін.

6.2. Колледж Қамқоршылық кеңесінің жұмысына ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсетіп, сонымен қатар оның жұмысы үшін бөлме мен техниканы, іс қағаздарын сақтайтын орын, іс қағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерді бекітуді ұйымдастырады.

 

  1. Кеңестің мүлкі мен құралдары

 

 7.1. Кеңестің мүлкі мен құралдары қайырылымдылық жарна, жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған мақсаттық жарна (үлестік жарна) арқылы қалыптастырылады.

7.2. Материалды-техникалық және мақсаттық бағдарламалардың дамуына арналған қаражат Колледж есеп шотына аударылады (сметаға сәйкес).

7.3. Колледж кеңес мүшелерін қаржы қаражаттарын жарату туралы ақпараттандырып, оқу жылы бойынша есеп береді.

 

  1. Қамқоршылық кеңесінің қайта құрылуы, жойылуы, Ережеге өзгертулер енгізу.

 

8.1. Қамқоршылық кеңесінің қайта құрылуы, жойылуы Қамқоршылық кеңесінің жалпы жиналысының шешімімен өткізіліп, Қамқоршылық кеңесінің төрағасымен және Колледждің Педагогикалық кеңесімен бекітіледі.

8.2. Осы Ережеге өзгерістер енгізу Қамқоршылық кеңесінің ұсынысы бойынша Колледждің Педагогикалық кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.