"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
Талапкер күнтізбесі

                       «Келісемін»                                                                                       «Бекітемін»

                     Алматы облысы білім                                                         Жамбыл атындағы Ұзынағаш

                  басқармасы басшысы                                                         кәсіптік колледжі директоры

                  ____________ Д.Х.Жунусов                                                  _______________  Б. Б. Алтаев

                 «__»___________2019 ж.                                                   «__»_____________2019 ж.

 

 

 

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске  асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

 

19 қаңтардағы №130 қаулысымен бекітілген, 2016.12.05. №288 өзгерістермен) негізінде дайындалды

 

 

Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі бойынша талапкерлерді  қабылдау ережелері

 

 

  1. Жалпы ережелер:
  2. Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі техникалық және кәсіптік білім береді.

 

  1. Колледж күндізгі оқу түрі бойынша білім береді.

 

  1. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

  1. Колледжге қабылдау тәртібі

 

  1. Колледжге негізгі жалпы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

 

  1. Колледжге күндізгі оқу түрлері бойынша келесі мамандықтарға қабылдау жүргізіледі:

 

 

Маман дық коды

Мамандықтар

Біліктілігі

Оқу мерзімі

1504000

Ферма  шаруашылығы

Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист

 

9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.

 

 

 

 

 

Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер

1114000 

Дәнекерлеу  ісі

Газбен электр дәнекерлеуші

9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.

 

 

0508000  

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Аспаз

9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.

 

1401000

Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

Сылақшы

9 сынып негізінде

– 2 жыл 10 ай.

Бояушы

0506000

Шаштараз өнері және сәндік косметика

Шаштараз -модельер

9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.

 

1201000

Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик

9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.

 

  1. Колледжге оқуға түсетін  азаматтардан  өтініш қабылдау  20 маусымнан

 

20 тамызға  дейін жүргізіледі.  Қабылдау емтихандары 22-27  тамыз аралығында жүргізіледі. Студенттер құрамына қабылдау бұйрығы 29- тамыз күні шығады.

 

  1. Колледжге түсушілер оқуға қабылдау туралы өтінішімен бірге білімі туралы құжаттың түпнұсқасын,  №086-У  нысаны бойынша медициналық анықтама мен флюрография суреті (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық- әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі  4 дана суретті қоса береді.
  2. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын тұрғылықты  жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің ҚР-да тұруға  ықтиярхат;

2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3)босқын – босқынның  куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

  1. Колледжге түсушілерге арналған қабылдау емтихандары:

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.

10) Білім беру ұйымдарына  түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.  Емтихан бойынша «қанағаттанарлықсыз»  деген баға алған немесе дәлелді  себепсіз емтиханға қатыспаған тұлғалар оқуға қабылданбайды.

11) Қабылдау емтихандарының нысанын, түрін білім беру ұйымы белгілейді.

12) Бұқаралық  кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің  білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

  1. Бірыңғай талаптардың сақталуын  қамтамасыз  ету  және  түсу емтихандары  кезіндегі даулы  мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледжде  апелляциялық  комиссия  құрылады.

Түсу  емтихандарының нәтижелерімен келіспеген   тұлға  шағым білдіруіне  болады.

Апелляцияға  өтініш қабылдау  емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін  апелляциялық  комиссияға келесі  күнгі сағат 13-00-ге дейін беріледі және  бір тәулік ішінде  өтініш берушінің қатысуымен  апелляциялық комиссияда қарастырылады.

14) Қабылдау  емтиханын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Білім алушылар құрамына қабылдау:

  1. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті әрі техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Бұқаралық  кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды  көздейтін  техникалық  және  кәсіптік білімнің  білім беру бағдарламалары бойынша  білім алушылардың құрамына  қабылдау  негізгі  орта  немесе  жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген  бейіндік пәндер бойынша бағалар, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып, іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында  өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары  айқындайды.

16) Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

 

 

Қосымша 1

 

 

 

Мамандық  коды

 

 

             Мамандық  атауы

           Пән  аты

 Негізгі  орта білім

              9 сынып

1504000

Ферма  шаруашылығы

Биология

1114000

Дәнекерлеу  ісі

Математика

 

0508000

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Математика

1401000

Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

Математика

     

0506000

Шаштараз өнері және сәндік косметика

Химия

1201000

Автокөлікті жөндеу,  пайдалану және техникалық қызмет көрсету

Математика

 

 

Жамбыл  атындағы  Ұзынағаш  кәсіптік  колледжіне қабылдау және құжаттарды  тапсыру мерзімдері туралы мәселелер бойынша Қабылдау комиссиясына  жолығуыңызды  өтінеміз.

 

Тел:8 (72770) 22915

Жауапты:  А.А.Джумадилова