КІТАПХАНАШЫНЫҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫ
Кітапханашы:
- Қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен жайлылығын, олардың қол жетімділігі мен әртүрлілігін өз коллледжінің мүмкіндігін пайдалану арқылы барлық ниет білдірушілерге, сондай-ақ басқа да кітапханалық ресурстарды тартуды қамтамасыз етеді;
- Ақпаратқа еркін қол жеткізуді жеке тұлғаның ажырамас құқығы ретінде қарастырады;
- Кітапхана материалдарына қолжетімділікті шектеуге қарсы тұрады және сұрау салынған құжаттарға өз бетімен алып қоюға және негізсіз бас тартуға (цензураны) жол бермейді;
- Кітапханада алынған ақпаратты немесе құжатты пайдаланудың салдары үшін жауапты болмайды;
- Кітапхана пайдаланушыларымен жеке тұлға мен оның ақпараттық қажеттіліктеріне деген құрмет негізінде қарым-қатынас жасайды;
- Пайдаланушының ақпараттық қызметі туралы конфедециальды деректерді қорғайды (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда));
- Зияткерлік Ар-намыс құқығын мойындайды;
- Кәсіби жетілдіруге, кәсіби білім мен құзыреттілік деңгейін арттыруға ұмтылады;
- Әріптестерінің білімін құрметтейді және мамандықты дамытудың маңызды шартын көріп, өз білімдерін шын жүректен жеткізеді;
- Барлық әріптестеріне құрметпен қарайды, егер олар этикалық нормаларға қайшы келмесе және мамандықтың беделіне ықпал етсе, олардың құқықтарын қорғайды;
- Кітапхананың әлеуметтік рөлін көрсетуге, оның беделін нығайтуға ұмтылады.