"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
Колледж тарихы

       

1935 жылы 15 қазанда «Қастек» асыл тұқымды қой совхозының базасында республика шаруашылықтарына тракторшылар даярлау курсы ретінде «Қастек ауыл-шаруашылық механизаторларының училищесі» атымен оқу орны ашылды. Осы жылы ең алғашқы түлектеріміз «тракторшы» мамандығын игеріп саны 150 курсант бітіріп шықты. 1959 жылы жүгері мен арпа өсіру мақсатында алғашқы рет оқу-тәжірибелі шаруашылығы ұйымдастырылды. 1972 жылы – Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілді, ал 1974 жылы трансформаторлық подстанция іске қосылды. 1976 жылы бір мезгілде 120 оқушы бірден тамақтана алатын асхана пайдалануға берілді. 1985 жылы колледж базасында Жандосов ауылында №11 кәсіптік-техникалық училище ашылды. 1991 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев келіп, оқуорнының тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Қазақта «Көргенді көш бастайды» дейді, әр жылдары басқарған директорлардың есімі колледж тарихында алтын әріпбен жазылып қалды, олар өз мамандығының иесі жоғары кәсіби дәрежедегі тұлғалар:Кастылин П.З, Сатубалдин, Дергач Ф.П, Кофман З.И, Чаплыгина П.В, Кребаев Д.К, Иргужиева Б, Аметшаев Т.М, Шаяхметов Ж, Шаяхметов Е.Ж.

 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, колледж ұстаздары: Агафонов А.Д, Барзиловский М.Д, Бекарев В.Т, Беляева В.С, Костеренко Н.А,  Лач А.П, Попов Г.А, Сытник С.А, Фольк Ф.И, Шкапура И, Шпорн П.С.

 

Біздің «Алтын қорымыз» көп жылдары еңбек етіп колледждің тарихында мәңгі қалған ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлерінің есімдері:Агибаева Р.Н(Қазақ ССР кәсіптік-техникалық білімнің озаты); Агибаева З.К (Қазақ ССР кәсіптік-техникалық білімнің озаты, 1998 жылғы Қазақстан Республикасының мұғалімдерінің  І-ші съезінің делегаты); Аксамбиева Т.А(Қазақ ССР кәсіптік-техникалық білімнің озаты, СССР кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі); Алдабергенов С.А(Қазақ ССР кәсіптік-техникалық білімнің озаты);  Байшығалиев М шәкірттері мен 1984 жылы күз айында «Төрегелді» оқу-тәжірибе учаскесіндегі 250 гектар жерді жыртып, 10 гектар бау-бақшаны күтті, алғашқы қазақ тобының ұстазы;  Бауэр Г. Э ( ҚазақССР  кәсіптік-техникалық  білім беру ісінің үздігі); Бем И. А (Қазақ ССР кәсіптік-техникалық  білім беру ісінің үздігі, Үздік еңбегі үшін медаль иесі); Бригадина М. Я (Еңбекте үздік шыққаны үшін  медаліне ие болды, СССР кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі,РСФСР кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі); Джаманбаева А.Н(Қазақ ССР кәсіптік-техникалық білімнің озаты);Қызымбаева Т (СССР кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі);  Отто П. Г (Қазақ ССР кәсіптік-техникалық  білім беру ісінің үздігі, социалистік жарыстын жеңімпазы); Шмыгин И. П  (Қазақ ССР кәсіптік-техни калық  білім беру ісінің үздігі);  Шпорн П. С (Майдандағы ерлігі үшін, Германияны жеңгені үшін  медаль иегері, Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды, СССР кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі, Орта Азия әскери округының «Құрмет»  грамотасымен наградталды); Ысқақов М (Ұлы Отан соғысының ардагері, Германияны жеңген үшін, СССР қарулы күштерінің 60 жылдығына, Еңбекте үздік шыққаны үшін,  Тың жерді игергені үшіниелері).

 

Колледж жетістіктері

 

  • 1995 жыл – Алматы облысының әкімдігінің «Құрмет» грамотасы мен марапатталды.
  • 1980 жыл – колледждің оқу-өндірістік базасында ҮІ Бүкілодақтық «Ең озық мамандық» атты байқауға жоғары деңгейдегі дайындығы үшін Алма-Ата облыстық басқармасының 30.091980 жылғы №110 бұйрығына сәйкес «АЛҒЫС ХАТ» пен марапатталды.
  • 1981 жыл – Алма –Ата облысының кәсіптік білім басқармасының 13.02.1981 жылғы №13 бұйрығына сәйкес Республикалық социалистік жарыста 2-ші орынға ие болды.
  • 1975 жыл – облыстық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың байқау көрмесінің нәтижесі бойынша, Алма-Ата облыстық басқармасының 15.05.1975 жылғы №106 бұйрығына сәйкес 2-ші орынға иеленді.
  • 1972 жыл – училище базасында ғылыми-техникалық ақпарат бюросы құрылды, оның құрамында: Шпорн П.С., Костеренко Н.А., Яковенко С.К.
  • 1971 жыл – Алма-Ата облыстық кәсіптік білім басқармасының 29.04.1971 жылғы №118 бұйрығына сәйкес Республикалық социалистік жарыстың нәтижесі бойынша кәсіптік-техникалық училищелердің арасында ұжым 2-ші орынға ие болды.
  • 1965 жыл – облыстық техникалық шығармашылық көрмесіне дайындаған экспонавтар үшін училище 1-ші орынға ие болды.

 

2017 жылдан бастап біздің колледжіміздің жаңа дәуірі басталды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Алтаев Болат Бекбосынұлы басқарып отыр. Оқу ғимаратымыз күрделі жөндеуден өтіп, білім ошағының имиджін көтеру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Оқудың инновациялық технологияларын ұтымды пайдаланып, материалдық-техникалық базасы уақытылы жаңартылды.

 

Біздің бүгінгі жетістіктеріміз:

 

  • 2018 жылы қабырға төс белгісі "Білім мақтанышы- 2018", Ұлттық сертификат " ;" Білім мақтанышы-2018";  колледж директоры Б.Б.Алтаев- "Білім мақтанышы" орденімен;  А.Ж.Намазбаева- "Білімге зор үлес қосқаны үшін" төс белгісімен, колледждің жетістіктерге жетуіне үлес қосқаны үшін; Айдарбеков С, Умурзакова К, Бапышева Г, Рахымбекова Ж, Сеитова А марапатталды.
  • 2018-2019 оқу жылындағы «Ғылым мен білімге ұмтылған жастар – келешегіміздің кемелі!» атты  Ү аймақтық  ғылыми –тәжірбиелік  конференциясы 18 секция бойынша өткізілді, оған колледжімізден 11 студент  қатысып 2 студент жүлделі орынға ие болып, 9 студент алғыс хаттармен марапатталды. Орын алған студенттерді атап айтатын болсақ, олар:  -ІІ орын  Б.Алланиязова тақырыбы «Толық емес отбасындағы жасөспірімдердің психологиясы» жетекшісі А.К.Сейтова.           ІІІ-орын Т.Қаймолда тақырыбы «Гинетикалық түрлендірілген ағзалардың пайдасы мен зияны» жетекшісі Ж.Қ.Илясова.
  • 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ»  атты  Аудандық патриоттық әндер байқауында «ЭСТРАДАЛЫҚ ӘН АЙТУ» номинациясы бойынша жоғары деңгейдегі өнер көрсеткені үшін Аудан әкімі Б.Әлиевтың қолынан біздің студентеріміз  «ДИПЛОМ» мен  марапатталды: Шакирова Назерке 2 курс, 41 топ.Сұлтанбек Айбол 1 курс 4 топ.Сейітқали Елдос 1 курс 4 топ
  • 2018 жылы Елбасының Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласы аясындағы «Жас тарихшылар мен өлкетанушылар» атты облыстық форумда тарих пәнінің оқытушысы Интина А.Т. жетекшілігімен 1 курс 43 топ студенті Алтынбекова Ұлдана 28 қатысушының ішінен  ІІ-орынға ие болды.
  • 2018 жыл қазан айының 25-26 сы аралығында Талдықорған қаласында техникалық және кәсіптік білім беру орындарының білім алушылары арасында «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық байқауға біздің колледжден  2  курс 41 тобының студенті  Алланиязова Бибіназ қатысып  жүлделі ІІ орынға ие болды.

 

Үздік оқытушылар

Біздің колледждің ең мықты ұстаздарынан білім аламыз: Намазбаева А.Ж; Умирзакова Г.Т; Шабденова Т; Джарасов Б.О. т.б.

Колледж түлектері

Кел-келген ұжымның жетістігі – ол өз еңбегінің нәтижесін көру. Қазір республикамызда біздің түлектеріміз көптеп саналады. Біз өз түлектерімізді құрметтейміз және мақтан тұтамыз. Солардың қатарында:Ерекенов О (Социалистік Еңбек Ері, механизатор, «Алтын жұлдыз» тақты, Қазақ ССР Жоғары советінің депутаты); Алтаев Б (Ленин  орденінің кавалері, механизатор); Алтынбеков А  (Қазақстан Компартиясы ХҮ съезінің делегаты, ХҮІІІ партсъезд атындағы колхоздың механизаторы «Құрмет белгісі» орденінің иегері; Аубакиров А (Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері); Әлімбаев Б (механизатор, Ленин орденінің иесі); Байысова Т (Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ВЛКСМ ХҮІІ съездінің делегаты, «Ұзынағаш» совхозының сауыншысы);  Бөленов С (механизатор, Ленин орденінің иесі); Жамбылов Ә (Жыр алыбы Жамбылдың немересі айтыс ақын); Исмаилов Ж ( ҮІ бүкілодақтың «Өз мамандығының шебері» конкурсының жеңімпазы, механизатор); Қашақбаева БЖамбыл  атындағы колхоздың механизаторы (Қазақстан Компартиясы ХҮ съезінің делегаты, Алматы облыстық партия комитетінің мүшесі, Облыстық Советтің депутаты, Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері, Паша Ангелина атындағы Бүкілодақтық жүлденің жеңімпазы,өзінің есімі жазылған «К-700» трактордың иесі);ПервыхИ. И (Ленин ордені, Октябрь Революциясы орденін иесі);  Пугачев А. Н(Ленин ордені, Октябрь Революциясы орденін иесі);Сарсенбаев Е (Социалистік еңбек ері, Октябрь Революциясы орденің иегері); Фадюмин А (әскери борышын шет елде өтеп келген, «Еңбегі үшін» медалімен наградталған);  Фошиндер Г. Я (еңбек ардагері, Ленин орденінің кавалері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері); Әбілдаұлы О; Әбжатов Ж, Үмбетов Қ т.б.

Болашаққа жол: біздің колледжді бітірген түлектер алған мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіріп жоғары оқу орындарында жалғастыра алады: АТУ;Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;Алматы Энергетика және Байланыс Университетi т.б.

Біздің серіктестеріміз: студенттерді жұмыспен қамтып, тамаша мансапқа жетуге жол ашады.