"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
Индустриялық кеңес

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру тармағы бойынша түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешу үшін колледжде сараптамалық және техникалық көмек көрсету жөніндегі Индустриялық кеңес құрылды.

2021 жылғы 26 қаңтардың № 16 бұйрығымен құрамына агро - өнеркәсіп саласының, қызмет көрсету саласының әлеуметтік серіктестерінің өкілдері және колледж өкілдері кіретін индустриялық кеңес құрылды.

Құру мақсаты - колледж іске асыратын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы және стратегиялық қажеттілігі бойынша консультациялар мен ұсынымдар беру, дуальды оқытуды әзірлеуге сараптамалық және техникалық көмек көрсету, Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында модульдік-құзыретті тәсілді іске асыру.

Индустриялық кеңестің міндеттері:

  1. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын олардың өзектілігін қамтамасыз ету үшін қарастыру;
  2. Білім беру ұйымдарының бейіні бойынша сала кәсіпорындарымен олардың практикалық сабақтарды ұйымдастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысуын кеңейту мақсатында байланыс жасауға жәрдемдесу;
  3. Түлектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін дағдыларды талап ететін саланың ағымдағы үрдістері, технологиялық өзгерістер туралы ақпарат беру;
  4. Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктеріне қатысты кеңес беру;
  5. Білім беру мекемесінің оқу процессіне тиісті саланың кәсіпорындарын тарту бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
  6. Студенттерге шәкіртақы мен сыйлықтар тағайындауға жәрдемдесу;
  7. Оқу орнына зертханаларда, шеберханаларда басқа да объектілерде қажетті оқу-өндірістік жабдықтар бойынша консультация беру;

Сала кәсіпорындарымен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуда оқу орнына көмек көрсету;

 

Название Скачать
1 Бұйрық PDF
2 Макулданды PDF
3 Бұйрықпен таныстырды PDF
4 Индустриялық кеңес отырысының Nº 1 ХАТТАМАСЫ PDF