Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі
Кітапхананы пайдалану ережесі
Кітапхананы пайдалану ереже оқырмандарға қызмет көрсетуді, ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін реттейді. Кітапхананы оқушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің пайдалануына құқығы бар. Басқа категориядағы оқырмандарға колледж директорының бұйрығымен бірреттік кепілдік жүйе бойынша қызмет көрсетіледі. Кітапхана оқырмандарды негізгі тегін кітапхана қызметтерімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ, колледж директоры бекіткен тізбектер мен прейскуранттарға сәйкес қосымша ақылы қызметтер көрсетеді. Әдебиет үйге абонементтерде беріледі. Соңғы немесе бір ғана дана, сондай-ақ «міндетті дана» белгісі бар дана үйге пайдалануға берілмейді. Оқу залында әдебиетті одан шығару құқығынсыз пайдалануға болады. Оқырманға кітапхананы пайдалану құқығын иемденетін бірыңғай оқырман билеті беріліп, оқырман формуляры толтырылады. Кітапханаға жазылар кезде оқырман оның қағидаларымен, оны орындау жөніндегі міндеттемесін оқырман формулярына қол қоюымен растайды. Оқырман билетінің қолданылу мерзімі – бір жыл. Кітапхана жыл сайын өзі белгіленген мерзімде оқырмандарды оларға жазылған әдебиеттің бәрін көрсетуімен қайта тіркеуден өткізіп, оқырман билетін ұзартады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билетін кітапханаға қайтарады.
Кітаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексеріп шығады. Қандай да бір ақау табылған жағдайда ол жөнінде кітапханашыға мәлімдейді. Олай болмаған жағдайда кітапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді. Пайдалану қағидасын бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданылып жүрген заңдарға, кітапхана жарғысы мен пайдалану қағидасында көзделген нысанда әкімшілік, заттық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырман оны дәл сондай басылыммен немесе оның көшірмесімен, немесе кітаптың қүны бірдей деп тапқан басылыммен алмастырады, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өтейді. Оқырманнан жоғалған кітаптың құнын өндіріп алу колледж директоры белгілейді.
Абонементті пайдалану қағидалары
Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге:
- қоғамдық ғылымдар жөніндегі әдебиет кітап санын шектеусіз бір оқу жылына;
- оқу және әдістемелік әдебиет белгіленген мерзімде міндетті қайта тіркеуден өткізіліп тиісті пәнді оқу мерзіміне;
- ғылыми және арнаулы әдебиет – 2-3 кітаптан – 20 күнге;
- көркем әдебиет 1-2 кітаптан – 20 күнге;
- өткен жылдардың мерзімді басылымдары 5 атаумен – 20 күнге беріледі.
Пайдалану мерзімі егер материалға оқырмандар тарапынан сұраным болмаған жағдайда ұзартылуы, немесе басылым тек бір дана, немесе сұраным көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін. Оқырман алынған әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярында қол қояды. Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі. Сырттай оқитын оқушылар қажетті әдебиетпен сессия аралық кезенде қамтамасыз етіледі.
Оқу залын пайдалану қағидалары
- оқу залында кітап беру бірыңғай оқырман билеті бойынша жүргізіледі. Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюмен толтырылады;
- оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды;
- әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.
Оқырманның құқықтары мен міндеттері
Оқырмандардың мынаған құқығы бар:
- кітапхана көрсеткен кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;
- ақпарат көздерін іздестіру мен тандауда кеңесшілік қызмет алуға;
- электронды каталог пен интернет ресурстарын пайдалана алады.
Оқырмандар мынаған міндетті:
- әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;
- кітаптарға, басқа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;
- кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
Оқырмандарға мыналар рұқсат етілмейді:
- кітапханаға сырт киіммен кіру;
- оқу залына сөмкемен кіру;
- кітапханада тыныштықпен тәртіп бұзу;
- кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптарды алып шығу;
- кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу);
- картотекалар мен каталогтерден кәртішкелер шығарып алу.
Кітапхананың құқықтары мен міндеттері
Кітапхана оқырмандарға кітапхананың ЕРЕЖЕ жиынтығы мен кітапхананы пайдалану қағидасына сәйкес қызмет көрсетеді.
Кітапхананың мынаған құқығы бар:
- берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуын үнемі бақылауға;
- кітапхананы пайдалану қағидасын бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын қолдануға;
- оқырмандардан жоғалтқан немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге, ал жоғалған немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда, шынайы нарықтық құнынан он есе мөлшерде өндіріп алу мақсатымен сот орындарына баруға.
Кітапхана мынаған міндетті:
- өз қызметінде адамгершілік, саяси және идеологиялық көп пікірлілік қағидаларын басшылыққа алуға;
- партиялар мен саяси қозғалыстарға қатысты алғанда саяси бейтараптық қағидаларын басшылыққа алуға;
- кітапханада оқырманның жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға;
- кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету мен кітаптарды насихаттауды жетілдіруге, сондай-ақ компьютерлендіру мен озық технологияны енгізіп, бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жаппай жұмыс істеудің әртүрлі нысандарын пайдалануға.