КІТАПХАНАШЫНЫҢ
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Колледж кітапханасының негізгі міндеті мен қызметін атқаруын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Кітап қорын жинақтауды есепке алуды, орналастыру мен сақтауды ұйымдастырады. Оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапхана жұмысының әртүрлі құралдарын, нысандары мен әдістерін қолдана отырып кітап насихаттауды қамтамасыз етеді. Каталогтар мен картотекалар ұйымдастырады. Оқырмандарды ақпаратпен толығымен қамтамасыз ету мен қорды пайдалануы мақсатында кітапхана-библиография қызметін көрсетудің әртүрлі нысандарын қолданады. Кітапхананың құжатын жүргізеді. Кітапхана қызметінің жоспары мен есебін әзірлейді. Отандық кітапханалардың жұмыс тәжірбесін оқып-үйреніп, оны практикаға енгізеді.
Білуі тиіс:
- Президент пен үкіметтің мәдениет пен кітапхана ісінің дамытуды белгілейтін қаулыларын;
- жоғары кәсіптік білім беру ұйымының кітапхана ісі мәселелері жөніндегі нұсқау әдістеме материалдарын;
- кітапхана ісінің теориясы мен тәжірибесі;
- отандық және шетелдік кітапханалар жұмысының озық тәжірибесін;
- қазақ, орыс және шетел әдебиетін;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрттен өорғану ережесін.
Қызмет талаптары:
Жасөспірім шақтағы балалармен жұмыс істей білу, жоғары сөйлеу мәдениеті, ұйымдастыру қабілеті, салмақтылық, талапшыл, жауапты болу.