"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
0
Ата - ана келісім шарты

«Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» МКҚК

 

                                                                                                                                                                                        

                                                                                

Келісімшарт

/2018-2019 оқу жылы/

 

 Осы келісім-шарт, білім алушылардың  ата-аналары мен өзге де өкілдері және білім беру ұйымы  арасында түзілді.

 

Осы келісім-шарт ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі және колледжтің ішкі тәртіп ережелері негізінде түзілді.

 

МЕРЗІМІ: колледж бітіргенде немесе колледжден кеткенге дейін және ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің және колледждің ішкі тәртіп ережелерінің өзгеруі мен өзге де өкілдеріне байланысты осы келісім-шартқа өзгеріс енгізілгенше.

 

Осы келісім-шарт білім алушылардың  ата-аналары және білім беру ұйымы арасындағы міндеттерді реттейтін құжат болып саналады.

 

Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдардың міндеттері:

 

  • білім алушылардың колледжге келуін қамтамасыз ету ( «Білім туралы» Заң,49-баптың 2(4) тармағы);
  • білім алушылардың колледж ауласына дейінгі және колледж ауласынан кейінгі жолдағы өмір қауіпсіздігіне жауап беру;
  • білім алушылардың студент формасын киюін қамтамасыз ету (Ата-аналар комитетінің шешім);
  • колледжге діни діни үлгідегі киімде, кез келген діни атрибутика, нышан, элементі бар киімдер киюге тыйым салынады. (ҚР-ның Үкіметімен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 ж.ж. арналған Тұжырымдамасы қабылданды.) (Колледждің ішкі тәртіп ережесі және ата-аналар комитетінің шешімі)
  • білім алушылардың бет-әлпетінің (басының, шашының, қолының, тырнағының тазалығы) санитарлық-гигиеналық талапқа сай келуін қамтамасыз ету(Колледждің ішкі тәртіп ережесі және ата-аналар комитетінің шешімі);
  • білім алушылардың оқу құралдарын (оқулық, дәптер, күнделік, қаламсап, қалам, сызғыш, өшіргіш т.б.) қамтамасыз ету (Колледждің ішкі тәртіп ережесі);
  • білім алушылардың сабаққа кешікпеуін, себепсіз қалмауын қамтамасыз ету; (Колледждің ішкі тәртіп ержесесі);
  • білім алушыларды, тәрбиеленушілерді колледжтің ішкі тәртіп ережесін сақтауға бейімдеу;
  • балаларға өмір сүру мен оқу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамыту, адамгершілік, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз ету; («Білім туралы» Заң, 49-баптың 2(1) тармағы);
  • білім беру ұйымымен ынтымақтастық жасау, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсету; («Білім туралы» Заң, 49-бап, 2(3) тармағы);
  • білім алушыларды мемлекет мүлкін сақтауға үйрету. Бұзған жағдайда - өтеу;
  • колледж қабырғасында ұялы телефондарды пайдалануға рұқсат етпеу; (Ата-аналар комитетінің шешімі);

 

Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдардың құқықтары:

 

  • баланың тілегін жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдау; («Білім туралы» Заң, 49-баптың 1(1) тармағы);
  • ата-аналар комитеттері арқылы білім беру басқару органдарының жұмысына қатысу; («Білім туралы» Заң, 49-баптың 1(2) тармағы);
  • білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алу; («Білім туралы» Заң, 49-баптың 1(3) тармағы);
  • өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнініде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек алу; («Білім туралы» Заң, 49-баптың 1(4) тармағы);
  • балаларына шарттық негізінде ақылы қосымша білім алу; («Білім туралы» Заң, 63-баптың 3-тармағы);

 

Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі.

 

  • Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар және балалардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты өзге де адамдар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан былай ҚР ӘҚБТ Кодексінің) төмендегі баптары негізінде жауакершілікке тартылады:

 

111-бабы 

 

  1. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді дәлелді      себептерсіз  орындамауы – ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде   айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық

        заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан іс-әрекеттер, сол сияқты, олардың қылмыс немесе  

        қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер жасауы – ата-аналарға немесе

        олардың орнындағы адамдарға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшеріндегі айыппұл салуға    әкеп соғады.

  1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, - есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

112-бабы

 

        Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйінде жеткізу, - айлық есептік    көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

113-бабы

 

        Он сегіз жасқа толмаған адамдарға алкоголь ішімдіктерін сату, - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі     мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

114-бабы

 

1  Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату, - жеке тұлғаларға бес  лауазымды адамларға және дара кәсіпкерлерге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға    әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, - жеке тұлғаларға-он, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге жиырмадан елуге   дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

373-бабы

 

  1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар және өзге де көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру немесе өткізу тәртібі туралы ҚР Заңдарын бұзу, не оларды ұйымдастыруға немесе өткізуге  кедергі жасау, сол сияқты, заңсыз жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға, не өзге де  көпшілікке арналған іс-шараларға қатысу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет   белгілері болмаса,-жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі  мөлшерінде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде  айыппұл  салуға әкеп соғады.
  2. Рұқсат етілмеген жиналысқа, митингіге, тосқауылға, демонстрацияға, не өзге де көпшілік іс-шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының және басқа да лауазымды адамдардың үй-жай, не өзге де мүліктер(байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықтар, көлік) беруі немесе осындай іс-шараларды ұйымдастыру ен өткізу үшін өзге де жағдайлар туғызуы, - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

115-бабы

 

  1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімді әзірлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнімді  таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл    салуға әкеп соғады.

 

Білім беру ұйымының міндеттері:

 

  • колледждегі оқу және тәрбие процесін жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүргізу;(«Білім туралы» Заң, 28-бап);
  • колледждегі тәрбие бағдарламаларын студентлардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағыттау;(«Білім туралы» Заң, 28-бап);
  • студентлардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу және тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ студентлардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;(«Білім туралы» Заң, 28-бап);
  • студентлардың денсаулығын сақтау мақсатында колледжте медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;(«Білім туралы» Заң, 48-баптың 3-тармағы);
  • студентлардың және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;(«Білім туралы» заң, 51-баптың 3(8)-тармағы);
  • колледжден тыс болған, бала өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, тәрбиесіне кері әсерін тигізетін оқиғаларға, келеңсіз жағдайларға колледж ұжымы мен басшысы жауап бермейді.

 

Білім беру ұйымының құқықтары мен құзыреті:

 

  • ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуге және бекітуге құзырлы;(«Білім туралы» заң, 43-баптың 2(1)-тармағы);
  • колледж студенттерінің үлгеріміне ағымдағы бақылауды және студенттерден аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауға құзырлы;(«Білім туралы» заң, 28-бап);
  • колледжден білім алушыларға шарттық негізде ақылы қосымша білім беру;(«Білім туралы» заң, 43-баптың 2(9)-тармағы);
  • ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;(«Білім туралы» заң, 43-баптың 2(10)-тармағы).

 

Білім беру ұйымының жауапкершілігі:

 

Білім беру ұйымының міндеттерін орындамаған жағдайда жауапкершілікке ҚР-ның заңдары негізінде тартылады;

 

Білім беру ұйымының міндеттерінің орындалуын бақылау мен басшылық жасау құқығы, облыстық білім басқармасына жүктеледі.

 

ЕСКЕРТУ: келісім-шарт Колледждің ата-аналар жиналысында талқыланып, оған ұсыныстар енгізіліп, 2018 жылы  мамырдың 18 күні өткізілген № 4   ата-аналар жиналысының шешімі негізінде бекітілді.

 

Осы келісім-шарттағы ата-ана қолын қойдыру жауапкершілігі Топ жетекшілеріне жүктеледі.

 

 күні ,жылы

 

Студентның ата-анасы----------------------------------------------------------------------------------------------------

(немесе олардың орнындағы адам)

Колледж директоры --------------------------------------------------- Б.Б.Алтаев 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ---------------  А.А.Джумадилова

Колледж психологы-----------------------------------------------------А.К.Сеитова

Топ жетекшісі-------------------------------------------------------