2019-2020 жылғы оқу бағдарламасының аяқталуына байланысты Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінде «Бітіруші – 2020. Сәтті қадам» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара мақсаты бітіруші түлектерді жұмыспен қамту және мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды аяқтаған студенттерді жәрменке барысында ұсынылған бос орындарға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің №390 « маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндеттен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары» туралы 2012 жылғы 30 наурыздағы бекітілген қаулысына сәйкес жұмысқа орналастыру.
5 мамыр 2020 жыл күні колледждің ұйымдастыруымен онлайн бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Аталмыш шараға Жамбыл ауданының кәсіпкерлері қатысты.
Түлектердің жұмысқа орналастыру мәселелері және еңбек нарығы бойынша консультациялар берілді.
Қазіргі уақытта жұмыс берушілер Жұмыспен қамту орталықтарының көмегінсіз-ақ enbek.kz порталына кіру арқылы өзіне қажетті кадрды таңдай алады. Ал жұмыс іздеушілер порталға тегін тіркеледі. Сайттан еліміздің кез келген өңіріндегі, қаласындағы бос жұмыс орнын көруге болады. Жалпы, бұрынырақ айлап іздейтін жұмыс орнын қазіргі уақытта екі аптаның ішінде табуға мол мүмкіншілік ашылып отыр.